Кәсіби ортада қазақстандық жоғары оқу орнының түлектерінің шет тіліне дайындығын анықтауға көзқарас

Авторлар

  • A Niyazova Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ.

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES.2021.v66.i1.03
        69 273

Аннотация

Бүгінгі таңда Қазақстанда әр түрлі қызмет салалары үшін болашақ мамандарды шет тілінен даярлау мәселесі көтеріліп отыр. Қазіргі қоғам мен мемлекет елдің жоғары оқу орындарының кадрларды даярлауға негізгі талаптарын алға тартып, қазіргі заманғы қазақстандық мамандарды даярлау үшін кәсіптік білім беру жүйесінің дамуына серпін беру қажеттігін атап өтті. Бұл мақала қазіргі әлемдегі ағылшын тілінің рөлін қарастыруға арналған. Мақалада ғалымдардың есімдері, олардың кәсіби бағытталған шет тілдерін оқытуына қосқан үлестері, ойлары мен идеялары талқыланады. Дәл осы әдіскерлердің еңбектері әлемді шет тілдерін арнайы бағытталған мақсатта оқытудың ерекшеліктерімен және әдістерімен таныстыруға мүмкіндік берді. Ұқсас тенденцияларды өзектілігін жоғалтпастан, қазіргі кезде де байқауға болады. Мақалада авторлардың республикадағы заманауи мамандарды даярлау сапасын анықтауға тырысуы, мамандарды даярлауда кездесетін проблемалар, шет тілдерін оқытудың кемшіліктері мен артықшылықтары сипатталған. Сауалнамаға Қазақстанның әр түрлі университеттерінің түлектері қатысты. Сауалнамаға 100 жас маман қатысты. Сауалнама нәтижелері мен ұсыныстар мақалада көрсетілген. Түлектердің 95%-ы тілдік құзыреттіліктің маңызды рөлі мен өзектілігін атап өтеді: мамандық бойынша тілдік практиканың болуы; мамандық бойынша симпозиумдарда, конференцияларда презентация жасау және сөйлеу мүмкіндігі; тілде шетелдік әріптестерімен жоғары сапалы тұлғааралық қарым-қатынас орнату мүмкіндігі; тілдегі кәсіби терминологияны білу және т.б.

Түйін сөздер: ағылшын тілі, кәсіби бағдарлы білім, құзыретті маман, коммуникативті құзыреттілік, көптілді мамандар.

Жүктелулер

Как цитировать

Niyazova, A. (2021). Кәсіби ортада қазақстандық жоғары оқу орнының түлектерінің шет тіліне дайындығын анықтауға көзқарас. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 66(1), 28–34. https://doi.org/10.26577/JES.2021.v66.i1.03

Шығарылым

Бөлім

Мамандарды кәсіби дайындаудағы психологиялық-педагогикалық мәселелер