Студенттердің цифрлық құзыреттілігі мен дағдыларын қалыптастыру цифрлық дидактикаға көшу кезеңінде
DOI:
https://doi.org/10.26577/JES.2023.v74.i1.07Аннотация
Мақалада отандық және шетелдік зерттеушілердің «цифрлық дидактика» ұғымын анықтауға
деген көзқарастары талданады. Дәстүрлі және цифрлық дидактиканың өзіндік ерекшеліктері
көрсетіліп, жаңа педагогикалық саланың сипаттамалары берілді және цифрлық дидактиканың
негізгі ерекшеліктері аталды. Зерттеудің нәтижесі – педагогикалық мамандықтардың
бакалавриат студенттеріне арналған «DOT қолдану арқылы оқу процесін басқару» пәні бойынша
авторлық онлайн курс енгізу, бұл студенттердің цифрлық құзыреттіліктерін және дағдыларын
қалыптастыру; сандық білім беру өнімінің мақсаттар мен міндеттерге сапалы сәйкестігін талдау
және белгілеу; қолданыстағы цифрлық білім беру өнімдерін оқу процесінің нақты мақсаттары
мен міндеттеріне қолдану және бейімдеу; білім беру үдерісін цифрландыру жағдайында заманауи
технологиялар арқылы ақпаратты өз бетінше алу және игеру, оны анықталған заңдылықтарға
сәйкес түрлендіруге мүмкіндік берді. Қалыптасқан құзыреттіліктер студенттерге білім беруді
түрлендіруге байланысты оқу процесінде болып жатқан өзгерістерді ескеруге мүмкіндік берді.
Мақала цифрлық білім беру процесін құру, оқытудың жаңа нысандары мен әдістерін енгізуге
бағытталған авторлық әзірлемелерді енгізу аясында жоғары педагогикалық білім және жоғары
кәсіптік білім беру жүйесіндегі цифрлық дидактика саласындағы пікірталасқа бастайды.
Түйін сөздер: білім беруді цифрландыру, цифрлық дидактика, цифрлық оқыту, цифрлық
құзыреттіліктер, дағдылар.