М. Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясын оқытудың жаңа технологиясы
DOI:
https://doi.org/10.26577/JES.2023.v75.i2.016Аннотация
Мақалада әлемге танылған Мұхтар Әуезов шығармашылығын мектепте оқыту мәселесі қарастырылады. Мұхтар Әуезовтің мұрасын оқыту, ұрпақ санасына сіңіру - бүгінгі күннің маңызды мәселесі екендігі зерделенеді. Ұлы туынды «Абай жолы» эпопеясын өз дәрежесінде оқытып, жеткізу деңгейі сөз етіледі, бір жағынан, мектеп оқушылары үшін түсінікті және қолжетімді деңгейде, екінші жағынан терең мағыналы деңгейде оқыту жайында сөз айтылады. . Осы орайда, мектепте М.Әуезов туындыларын оқыту мәселесі бойынша отандық, шетелдік ғалымдардың зерттеу еңбектері көрсетіледі.
Әдіскер-ұстаз Бітібаева Қанипа Омарғалиқызының Абай және М.Әуезов шығармашылығын оқытуға арналған сүбелі еңбектері атап көрсетіледі. Қанипа Бітібаеваныңәдебиетті оқыту әдістемесі еңбектеріндегі «Абай жолы» роман-эпопеясын меңгертудің тың жолдары жан-жақты қарастырылады. Қ.Бітібаеваның «Абай жолы» роман-эпопеясын мектепте тұтастай оқытудың әдістемесін ұсынғаны туралы ғалымдар тарапынан зерделенеді. Ұстаз технологиясы арқылы «Абай жолы» роман-эпопеясын проблемалық талдау, образды талдау арқылы оқытуын саралап көрсетеді. Ұстаз тәжірибесіндегі қарапайым сұрақтар мен проблемалық сұрақтардың берілуін салыстыра отырып дәлелдейді. Ғылыми еңбектер, қосымша материалдар ұсыну арқылы тұлғаның алған білімін өмірмен байланыстырады. Қанипа Бітібаеваның жеке тұлғаның өз ойын, ішкі мүмкіндіктерін ашуды ұстаным ететіндігі дәлелді пікірлер арқылы көрсетіледі. Автор қазіргі таңда да Қ.Бітібаеваның технологиясының маңызын айқындайды, тәжірибеде қолдану керектігін ұсынады. Қ.Бітібаеваның ғылыми еңбектерін атап көрсетеді, ізденістерін жан-жақты талдайды. Ұстаз технологиясын еліміздің әр түкпіріндегі ұстаздар қауымы қолданатындығын, сондай-ақ жаңашылдығы басым деп қорытындылайды. Мақаланың екінші бөлімінде Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының 10-11 сыныптарының 93 оқушысы мен Алтай қаласының № 9 жалпы білім беретін мектебінің қатысуымен эксперименттік жұмыстың нәтижелері көрсетілген.
Түйін сөздер: роман-эпопеяны оқыту, проблемалық оқыту, көркем мәтін, талдау, ұлттық құндылық.