Ағылшын тілін үйренушілердің скаффолдинг арқылы оқу стратегияларын дамытуға қатынасы

Авторлар

  • M. Seitova Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Қазақстан, Түркістан қ. http://orcid.org/0000-0003-0668-8873
  • F. Makkambayeva Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Қазақстан, Түркістан қ. http://orcid.org/0000-0002-0735-2469

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES.2023.v75.i2.010
        124 181

Аннотация

Оқу дағдылары-бұл адамның мақала бетіндегі немесе басқа оқу материалындағы жазылған сөздерді оқу, түсіну және түсіндіру қабілеті. Оқу стратегияларын дамыту үшін ағылшын тілін үйренушілер көптеген әдістер мен тәсілдерді қолданады.Скаффолдинг-ағылшын тілін үйренушілерде оқу стратегияларын әзірлеудегі ең кең таралған әдістердің бірі. Ағымдағы зерттеу ағылшын тілін үйренушілердің скаффолдинг арқылы оқу стратегияларын әзірлеуге деген көзқарасын зерттейді.Эмпирикалық зерттеуге Айша Би орта мектебінің 47 оқушысы (2022-2023 күзгі семестр), 12 ұл және 35 қыз қатысты. Зерттеу скаффолдинг арқылы оқушылардың оқу стратегияларын әзірлеуге деген көзқарасын талдау мақсатында жүргізілді.Эмпирикалық зерттеуде сандық талдау әдісі қолданылды. Нәтижелерді алу үшін the Statistical package for the Social Sciences (SPSS) 23.0 нұсқасы пайдаланылды. Mann Whitney U-test сипаттамалық нәтижелерді талдау және сынып пен жыныс арасындағы айырмашылықтарды анықтау үшін пайдаланылды.Талдау нәтижелері ағылшын тілін үйренушілердің скафодинг бойынша оқуға деген көзқарасы оң екенін көрсетеді. Оқыту кезінде қатысушылардың сыныбы мен жынысы арасында айтарлықтай айырмашылық жоқ екендігі статистикалық түрде көрсетілген.
Түйін сөздер: Скаффолдинг, оқу стратегиясы, оқу стратегиясын дамыту, ағылшын тілін үйренушілердің көзқарасы.

Жүктелулер

Как цитировать

Seitova, M., & Makkambayeva, F. (2023). Ағылшын тілін үйренушілердің скаффолдинг арқылы оқу стратегияларын дамытуға қатынасы. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 75(2), 108–116. https://doi.org/10.26577/JES.2023.v75.i2.010