Құзыреттілік тұрғысынан оқыту- білім берудегі жаңа үрдіс
DOI:
https://doi.org/10.26577/JES.2023.v76.i3.013Аннотация
Қоғам талаптарына сай келетін бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау - заман талабы. Заманауи педагогтың кәсіби
жетістігінің құрамдас бөліктерінің бірі кәсіби шеберлікті қамтамасыз етудің жаңа құралдарын меңгеру аясында үздіксіз
білім алу және кәсіби құзыреттілікті дамыту болып табылады. Әрбір мұғалім білім алушыға қажетті білім деңгейін
берумен қатар, жеістікке жетуге де ұмтылуы керек. Осы орайда, мақалада болашақ маманның кәсіби құзыреттілігін
қалыптастыру мәселесі талданады. Ғылыми талдау барысында оқытудың құзыреттілік тәсілі және оның тілдік пәндерді
оқытудағы рөлі ашылады.
Болашақ маман тұлғасының кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру үшін әлеуметтік жағдай жасау мәселелері
көтеріледі. «Құзырет» және «құзыреттілік» ұғымдары талданып, қазіргі білім беруде әрекет ететін құзыреттер мен
құзыреттер жүйесі анықталды. «Құзырет» және «құзыреттілік» ұғымдарының мағынасындағы айырмашылықтар
көрсетілген. Әлемнің әртүрлі елдеріндегі тәжірибедегі құзыреттілік түрлері мен мазмұнының сипаттамасы беріліп,
Қазақстанның тәжірибесіне талдау жасалды. Мәдениетаралық қарым-қатынас пен көпмәдениеттілік жағдайында ана
тілін оқытудың маңыздылығы дәлелденді. Қазіргі білім қоғамында талап етілетін негізгі құзыреттердің мазмұны
нақтыланды. Бұл құзыреттіліктерді қалыптастыруда тіл пәндерінің маңызы ерекше атап өтіледі. Зерттеудің
практикалық бөліміне әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультетінің 75 студенті қатысты.
Түйін өсздер: құзырет, құзыреттілік, тілдік пәндер, әлеуметтік-этиқк ақлұызырет, лингвориторикалқы
құзыреттілік, мәдениетаралық коммуникация.