Жоғары мектепте инклюзивті білім беруде сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану

Авторлар

  • Ж. Сардарова Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
  • Г. Кисметова М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университеті, Қазақстан,Орал қ.
  • Т. Нурушева М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университеті, Қазақстан,Орал қ.
  • С. Кадыргалиева М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университеті, Қазақстан,Орал қ.
  • Г. Гауриева Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті,Қазақстан,Астана қ.

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES20247801010
        215 92

Аннотация

       Мақала қазіргі қоғам сұранысына жауап беретін өзекті мәселе -  инклюзивті білім беруде сын тұрғысынан ойлау технологиясын  қолдану әдістемесін қарастырған. Бүгінгі күні инклюзивті оқытуды сапалы жүзеге асыратын құзыретті маманды дайындау  - педагогтарды дайындайтын бүгінгі жоғары мектептің алдында тұрған басты мәселе. Авторлар   барлық педагогикалық мамандықтарға оқытылатын «Инклюзивті білім беру»  пәнін   меңгертуде сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану тиімділігін толық ашқан.  Зерттеуде  2022-2023 оқу жылында  6В01513 -Биология» мамандығының 3 курс студенттерімен тәжірибе барысында жүргізілген жұмыс мазмұны баяндалып, сандық және сапалық әдістер негізінде алынған нәтижелер жүйелі пайымдалған. Тәжірибелік жұмыс қорытындысы нәтижесінде сын тұрғысынан ойлау технологиясының тек оқу материалын жетік меңгертіп қана қоймай, білім алушылардың бүгінгі тез өзгермелі қоғамға икемді бейімделе  алатын, сындарлы ойлау қабілеті дамыған  құзыретті  маман дайындаудағы орасан зор мүмкіндігі айқындалған. Ұсынылған зерттеу жұмысының  практикалық  тұрғыдан  маңыздылығы - бүгінгі инклюзивті білім беру жағдайында сыни дағыдыны дамытатын тиімді әдіс-тәсілдер  тобы  мен практикаға бағытталған тапсырмалар негізінде ұсыну әдістемесінің берілуі. Мақала авторлары зерттеу тақырыбына қатысты теориялық әдебиеттерді, ғылыми-зерттеу жұмыстарын толық қамтып,  жан-жақты талдау жасап, өзіндік ой қорытындысын тұжырымдаған. Оның ішінде сын тұрғысынан ойлау технологиясының үш кезеңін ашып, олардың әрқайсысының мақсатын нақты анықтап, қолданылатын әдіс-тәсілдерге толық  сипаттама берген. Сонымен қатар сыни ойлау – бұл білімге, сыни психикаға және қабілеттілікке негізделе отырып, анықталған жағдаятта тиімді шешім қабылдауға мүмкіндік беретін  позитивті ойлау процесі деген мазмұндағы анықтамасы нақтыланған.

Түйін сөздер: жоғары мектеп, инклюзивті білім беру, сын тұрғысынан ойлау технологиясы, әдіс-тәсілдер, сыни ойлау дағдысы, аргумент, тұжырым, тиімді шешім.

 

Жүктелулер

Как цитировать

Сардарова, Ж., Кисметова , . Г., Нурушева , . Т., Кадыргалиева , . С., & Гауриева , Г. (2024). Жоғары мектепте инклюзивті білім беруде сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану . ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 78(1), 114–128. https://doi.org/10.26577/JES20247801010