Мұғалімдерді кәсіби даярлауда медиасауаттылықтың рөлі

Авторлар

  • Г. Тазабекова Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті, Шымкент, Қазақстан https://orcid.org/0009-0000-3864-2680
  • М. Шингарева Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті, Шымкент, Қазақстан https://orcid.org/0000-0003-1866-035X
  • Г. Сманова Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті, Шымкент, Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-2316-8602

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES20258322
        168 56

Аннотация

Кез келген білім беру жүйесінің негізгі мақсаты – жас ұрпақты қоғамдық өмірдің түрлі салаларына белсенді және толыққанды қатысуға дайындау. Осы мақсатқа жету үшін білім беру үдерісі болашақ мамандарға қазіргі еңбек нарығының талаптарына табысты бейімделуге және ақпараттық қоғамда өз әлеуетін жүзеге асыруға көмектесетін бес негізгі құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған. Осы құзыреттіліктердің ішінде ерекше орын ақпараттық құзыреттілікке беріледі. Бұл құзыреттілік кәсіби және күнделікті қызметте қазіргі заманғы ақпарат көздерін тиімді пайдалануға қабілеттілік пен ұмтылысты білдіреді. Ол ақпаратты іздеу, оның шынайылығын бағалау, өңдеу, сақтау және түрлі тапсырмаларды шешу үшін қолдану сияқты дағдылардың кең аясын қамтиды. Бұл зерттеуде мұғалімдерді кәсіби даярлау жүйесіндегі медиасауаттылықтың рөлі, оны білім беру үдерісіне интеграциялауға баса назар аудара отырып қарастырылады. Зерттеу барысында әдеби көздерді сапалы талдау және сандық сауалнама сияқты аралас зерттеу әдістері қолданылды. Оңтүстік Қазақстан облысынан 117 мектеп және жоғары оқу орнының мұғалімі сауалнамаға қатысты. Алынған нәтижелер мұғалімдердің медиасауаттылықты теориялық түсінуі мен практикалық дағдылары арасында айтарлықтай алшақтық бар екенін көрсетті, бұл осы салада мақсатты кәсіби дамудың қажеттілігін айқындайды. Талдау негізінде медиасауаттылықты педагогтарды даярлау бағдарламаларына интеграциялау және біліктілікті арттырудың қысқа мерзімді курстарын ұйымдастыру бойынша ұсыныстар берілді, бұл анықталған олқылықтарды жоюға және білім беру ортасында медианы сыни тұрғыдан пайдалануға ықпал етеді.

Түйін сөздер: медиасауаттылық, кәсіби даярлық, мұғалімдер, білім беру үдерісі, сыни ойлау, медиаақпарат.

Авторлардың биографиясы

Г. Тазабекова, Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті, Шымкент, Қазақстан

«Шетел тілі: екі шетел тілі педагогін даярлау» білім беру бағдарламасының докторанты, e-mail: janelya.12@mail.ru

М. Шингарева, Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті, Шымкент, Қазақстан

ф.ғ.к., ағылшын тілі кафедрасының доценті, e-mail:log rus1976@mail.ru

Г. Сманова, Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті, Шымкент, Қазақстан

п.ғ.к., аға оқытушы, e-mail: gaziza_on@mail.ru

 

Жүктелулер

Как цитировать

Тазабекова, Г. ., Шингарева, М., & Сманова, Г. . (2025). Мұғалімдерді кәсіби даярлауда медиасауаттылықтың рөлі. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 83(2), 15–26. https://doi.org/10.26577/JES20258322

Шығарылым

Бөлім

Мамандарды кәсіби дайындаудағы психологиялық-педагогикалық мәселелер