Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің АСБ бар балаларды оқытуда тьютор және қолдау мамандарымен өзара әрекеттесуе дайындығы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES861202613

Аннотация

 

Ғылыми зерттеу  бастауыш сынып мұғалімдерін аутизм спектрі бұзылыстары (АСБ) бар балаларды инклюзивті оқыту жағдайында тьюторлар және қолдау мамандарымен тиімді өзара әрекеттесуге даярлау мәселесіне арналған. Зерттеудің мақсаты – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығында оқитын 3–4 курс студенттерінің (n=144) кәсіби даярлық деңгейін бағалау және АСБ бар балаларды оқытуды сүйемелдейтін педагогтерді даярлаудың ғылыми-әдістемелік моделін әзірлеу. Әдіснамалық негізіне Лайкерт шкаласы бойынша 25 сұрақтан тұратын сауалнама (M=3.2±0.9), білім беру бағдарламасының 10 пәніне жүргізілген контент-талдау (72% мазмұндық дефицит) және ABA-модульдер мен симуляциялық жаттығуларды қамтитын төрт кезеңді модельді апробациялау қамтылған.

     Зерттеу нәтижелері студенттердің жалпы даярлығының орташа деңгейде екенін (58%), ABA әдістерін меңгерудегі айқын олқылықтарды (32%) және командалық жұмыс дағдыларының жеткіліксіздігін көрсетті. Ұсынылған модельді енгізу студенттердің кәсіби құзыреттерін орта есеппен 56%-ға арттырды (t=9.5, p<0.001). Зерттеудің ғылыми жаңалығы – болашақ мұғалімдердің инклюзивті ортада жұмыс істеуге даярлық құрылымын негіздеу және пәнаралық тәсілді қолдану. Практикалық маңызы – Қазақстанның жоғары оқу орындарына арналған ұсыныстар әзірленіп, олар 2025–2030 жылдарға арналған инклюзивті саясат тұжырымдамасының басымдықтарына сәйкес келуімен сипатталады.

Түйін сөздер: инклюзивті білім беру, РАС, тьютор, мұғалімдерді дайындау, бастауыш сыныптар, командааралық өзара әрекет.

 

Авторлардың биографиясы

Ұ. Сарсенбай , Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Қызылорда , Қазақстан

Педагогика ғылымдарының магистрі, “Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі” білім беру бағдарламасының докторанты, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті (Қызылорда, Қазақстан, e-mail: us_0011@mail.ru)

Ж. Сардарова, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан

Педагогика ғылымдарының докторы,  «Арнайы педагогика» кафедрасының қауымдастырылған  профессоры,  Абай атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы, Қазақстан, e-mail: sardar.Zh@mail.ru)

Б. Васич , Қолданбалы ғылымдар факультеті, Ниш, Сербия

педагогика ғылымдарының кандидаты, шақырылған профессор, Қолданбалы ғылымдар факультеті (Ниш , Сербия, e-mail: gallavasic@gmail.com

Как цитировать

Сарсенбай U. ., Сардарова Z., & Васич B. . (2026). Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің АСБ бар балаларды оқытуда тьютор және қолдау мамандарымен өзара әрекеттесуе дайындығы. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 86(1). https://doi.org/10.26577/JES861202613