ГУМАНИТАРЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ МАМАНДЫҚТАРҒА ЗАМАНАУИ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ КОНЦЕПЦИЯСЫ ПӘНІНЕН САБАҚ БЕРУДІҢ ӘДІСТЕМЕСІ

Авторлар

  • N Tormanov Казахский Национальный университет имени аль-Фараби
  • A Alikul Казахский национальный университет имени аль-Фараби

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES.2019.v58.i1.012
        73 169

Аннотация

Мақалада «Заманауи жаратылыстану концепциясы» пәнінен гуманитарлық мамандықта білім алушы студенттерге оқыту технологиясының ерекшеліктері жайлы проблема қарастырылады. Оқытудың басты мақсаты мен міндеті жаратылыстану жайлы, бүкіл қоршаған дүниенің қарапайым бөлшектерден және атомдардан Галактикаға дейінгі, бүкіл ғалам, тірі және өлі табиғаттың біртұтастығын ашып көрсете білу . заманауи жаратылыстану концепциялары мен принциптерін дұрыс анықтап түсіндіру, таныстыру. Сонымен қатар жаратылыстану мен гуманитарлық ғылымның арасында өзара байланыстары мен өзара келісушілікті көрсету. Адам мен табиғаттың бірлестігін ашып, оның жаратылыстану ғылымындағы рөлі мен орнын түсіндіру. Бұл пәннің басты мақсаты – гуманитарлық мамандықта білім алушы студенттерді ғылымның қалыптасуына, дамуына жаратылыстануды зерттеуші ғалымдардың қосқан үлесін, олардың ғылыми білімінің кеңдігін, қызығушылығын, мәдениет, экология, цивилизацияны сақтаудағы рөлін түсіндіру. Бұл курстың ең маңызды құндылығы ЖОО барлық мамандықтарында білім алушыларға дүниеге деген ғылыми жаратылыстанудағы көзқарасының біртұтастығын қалыптастыру.

Түйін сөздер: жаратылыстану, гуманитарий, модельдеу, кейс-стади, гипотеза.

Жүктелулер

Как цитировать

Tormanov, N., & Alikul, A. (2019). ГУМАНИТАРЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ МАМАНДЫҚТАРҒА ЗАМАНАУИ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ КОНЦЕПЦИЯСЫ ПӘНІНЕН САБАҚ БЕРУДІҢ ӘДІСТЕМЕСІ. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 58(1), 109–116. https://doi.org/10.26577/JES.2019.v58.i1.012

Шығарылым

Бөлім

Пәндерді оқыту әдіснамасы