БИОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУДА ЗАМАНАУИ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫ КЕШЕНДІ ҚОЛДАНУ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JES.2020.v62.i1.13Аннотация
Мақалада биология пәнін оқытуда заманауи техникалық құралдарды кешенді қолданудың тиімділігі сипатталған. Қазіргі таңда Қазақстанның жоғары білім беру жүйесі жаңа кезекті жаңғыру кезеңінен өтуде. Оқу жоспарлары мен жас мамандарды дайындау бағдарламалары жаңартылуда. Өз кезегінде, оқытушылардың кәсіби-педагогикалық даярлық дәрежесіне жоғары талаптар қойылуда. Осыған орай, соңғы уақытта студенттердің, магистранттардың, оқытушылардың, факультеттер басқармасының, университеттердің жоғары оқу орындарында мамандарға тәрбие мен білім берудің инновациялық технологияларына қызығушылық артып келе жатыр. Оқыту үдерісінде ақпараттық технологияларды қолданып оқыту арқылы дүниенің тұтастығын түсінеміз, жалпы интеллектің артуына ықпал жасаймыз. Ал біздіңше жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындау үдерісінде заманауи ақпараттық технологияларды оқу үдерісінде қолдану жаңа оқу пәндерінің пайда болуына алып келеді және осыған байланысты оқытудың жаңа формалары мен тәсілдерін қарастырудың өзектілігі артады. Зерттеудің нәтижесінде биологиялық білім мен тәрбие берудің жаңа инновациялық мазмұны, құрылымдық-мазмұндық моделі, педагогикалық шарттары, дидактикалық ұстанымдары қарастырылған. Педагогикалықтәжірибелік жұмыс жүргізілді. Биологияны оқытуда заманауи техникалық құралдар, атап айтсақ, видео, медиа, аудио секілді және инновациялық әдістер арқылы сабақ жүргізу әдістемесінің тиімділігі көрсетілген. Түйін сөздер: инновация, инновациялық технологиялар, мультимедиа, Case-әдісі, Role-Playing әдісі, Kahoot, Indoor Labs, Interactive Lectures әдісі.