Университеттің тәрбиелік дәстүрлері мен ұйымдық мәдениетінің дамуы: куратор-эдвайзер мектебінің тәжірибесінде
DOI:
https://doi.org/10.26577/JES.2020.v63.i2.10Аннотация
Мақалада әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі куратор-эдвайзерлер
мектебінің (КЭМ) 10 жылдық инновациялық жұмыс тәжірибесі жинақталған. Жоғары білім
беруде мектептің іс-әрекет аймағының өзіндік ерекшелігі бар. Ол кәсіби бағдарланған, жалпы
құзыреттіліктерді – қарым-қатынас, икемділік, стреске төзімділік, шығармашылық және т.б.
қамтиды. Мақалада университеттің тәрбие жұмысындағы жаңа көзқарастардың дамуы деңгейі
қарастырылған.
Мақаланың мақсаты – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы куратор-
эдвайзерлер мектебінің практикалық тәжірибесін қорытындылау, тәрбие жұмысы бойынша
тренингтер өткізу тәжірибесі арқылы академиялық ортаны дамытудың маңызды бағыттарын
анықтау; оқытушылардың ұйымдастырушылық мәдениеті мен университеттік білім беру
дәстүрлері, стратегиялары мен технологияларын дамыту. Жоғары білім беруде академиялық
ортаның ұйымдастырушылық мәдениетін жетілдіру арқылы университеттің әлеуметтік капиталын
дамытуға үлес қосу. Куратор-эдвайзерлер мектебінің (КЭМ) негізгі бағыты – кураторлардың
білімдік құзыреттілігін арттыру. Авторлар атап өткендей, қосымша біліктілікті арттыру үшін
оқыту әдістерін қолдану, оқытушылар тәжірибесімен алмасу, шығармашылық атмосфера,
топтағы әлеуметтік шиеленісті жою қызметі, әлеуметтік терапияның элементтері, байланыс
орнату және оқытушылар мен ұйымдардың зияткерлік және әлеуметтік капиталының өсуі осы
бағыт аясында іске асыру. Инновациялық тәжірибені SWOT талдау.
Түйін сөздер: тәрбие теориясы, куратор, эдвайзер, әлеуметтік капитал, академиялық орта.