Қазіргі заманғы ЖОО-ның құрылымдық бөлімшесі басшыларының ақпараттық-басқарушылық құзыреттілігін дамыту
DOI:
https://doi.org/10.26577/JES.2021.v68.i3.12Аннотация
Мақаланың өзектілігі жоғары кәсіби білім беру сапасын қамтамасыз ететін ЖОО басқаруға жаңартпа енгізу қажеттілігімен байланысты. Өз кезегінде бұл ЖОО басшыларының заманауи басқару менеджментінің кәсіби талаптарына сәйкестігінің қажеттілігін көрсетеді. Мақаланың мақсаты – қазіргі заманғы ЖОО құрылымдық бөлімшелері басшыларының ақпараттық-басқару құзыретін өрістету жолындағы тиімділік жағдайларын анықтау бойынша жүзеге асырылған зерттеу қорытындыларын сипаттау болып табылады. Зерттеудің әдіснамалық негізі – менеджменттегі жүйелік көзқарасқа, процестік-бағдарлау көзқарасына, қорытынды нәтижеге бағытталған басқару әдіснамасы, сондай-ақ синергетикалық, акмеологиялық, модеративтік және деңгейлік көзқарастарға бағытталған қағидалар болып табылады. Осы мақалада зерттеушілер тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың анықтаушы кезеңінің ерекшеліктерін баяндаған, ақпараттық-басқару құзыреттілігінің жалпы өлшемдерін талдаған, сондай-ақ ақпараттық-басқару құзыреттілігін дамытуға бағытталған модуль сипаттамаларын көрсеткен. Авторлар қазіргі заманғы ЖОО құрылымдық бөлімшелері басшыларының ақпараттықбасқару құзыретін өрістету жолындағы ғылыми көзқарастар аясындағы арнайы ұйымдастырылған педагогикалық әсерлерді ескере отырып, тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарының қалыптастыру кезеңін жүзеге асыру қажеттілігін негіздеп сипаттаған. Университеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының ақпараттық-басқару құзыретін дамыту шараларының олардың заманауи университетті басқару жөніндегі іс-әрекеттеріне тигізетін әсерін теориялық негіздеу және тәжірибелік тексеру жүргізу жұмыстары – зерттеудің қорытынды нәтижесі болып саналады. Өткізілген зерттеулердің басқару теориясын, білім беру менеджментін, ЖОО басшыларының кәсіби біліктілігін арттыру жүйесін дамыту саласына қосқан үлесі – ғылыми жаңалықтар қатарына жататыны сөзсіз. Мақаланың практикалық мәні – кәсіпқойлық деңгейі, құзыреттілігі, ақпараттық-басқару мәдениеті биік деңгейдегі жоғары мектеп басшыларының жаңа толқынын даярлауды жетілдіру аясындағы зерттеу қорытындыларын қолдану мүмкіндігімен байланысты. Түйін сөздер: ақпараттық құзырет, ЖОО құрылымдық бөлімшелері басшыларының ақпараттық-басқару құзыреті, инновация, білім беру менеджері.