Абайдың ағылшын тіліндегі аудармаларын оқыту арқылы этномәдени құзыреттілікті дамытудың әдістері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES.2022.v71.i2.015
        109 235

Аннотация

Аударманы оқытуда кейде ұлттық мәдениеттің ерекшеліктері, салт-дәстүр, этномәдени
дүниетаным ескеріле бермейді . Халықтың мәдениетін білу мәтінді сапалы аударуға көмектеседі.
Зерттеудің мақсаты – Абайдың шығармаларын ағылшын тіліне аударуды тиімді әдістер арқылы
түпнұсқамен салыстыру, этномәдени құзыреттіліктерді дамытуды ғылыми негіздеу.Мақалада
шетел тіліндегі аутентивті материалдарды оқыту негізінде Абайдың ағылшын тіліне аударылған
шығармаларын тұпнұсқасымен салыстыру арқылы жоғары оқу орындарындағы студенттердің
этномәдени құзыреттіліктерін дамытудың әдістері қарастырылады. Этномәдени құзыреттілік
адамдармен қарым-қатынаста, мәдениетте , әдеби шығармаларда жинақталған тәжірибені
арнайы ұйымдастырылған оқыту мен тәрбиелеудің түрлерінде пайдалануды білім алушылардың
іс-әрекетке дайын болу қабілеттіліктерімен сабақтастырады. Аудармаларды салыстыра оқыту
арқылы этномәдени құзыреттілікті дамыту үшін ашық тапсырмалар мен жаттығулар әдісі,
мәдениетаралық өзгешеліктерді анықтаудағы контраст әдісі, әңгіме, дискуссия және өтілген
тақырыпты қорытындылау мақсатында синквейн әдісі қолданылады. Зерттеудің құндылығы
Абайдың аудармаларын оқытуда студенттердің этномәдени құзыреттілігін дамытудың өзара
байланысты тиімді әдістерінің таңдалуымен сипатталады. Жұмыстың практикалық маңыздылығы
жоғары оқу орындарының оқытушылары мен болашақ мамандардың этномәдени құзыреттілігін
дамытуға арналған әдістердің жүйелі ұсынылуымен айқындалады.
Түйін сөздер: Абай аудармалары, этномәдени құзыреттілік, түпнұсқа, дамыту, оқыту әдістері.

Жүктелулер

Как цитировать

Bolatbekova, Z., Zhumakayeva, B., & Kartayeva, A. (2022). Абайдың ағылшын тіліндегі аудармаларын оқыту арқылы этномәдени құзыреттілікті дамытудың әдістері. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 71(2), 176–185. https://doi.org/10.26577/JES.2022.v71.i2.015