М.Әуезов әңгімелерін ЖОО-да оқытудың инновациялық технологиясы
DOI:
https://doi.org/10.26577/JES.2022.v72.i3.010Аннотация
Мақалада қазіргі жоғары оқу орындарында білім беру ісінде кеңінен қолданылып келе жатқан оқыту технологияларының дəстүрлі əдістемелері заманға сай жаңаша көзқараста жан-жақты талданып, қарастырылған. Қазіргі педагогика ғылымының əдістеме саласының тарихы туралы тың тұжырымдар жасалып, Алаш қайраткерлерінің əдістемелік мұралары сараланған. Автор ғұлама жазушы М.Әуезовтің шығармаларын жоғары оқу орындарында оқытудың дидактикалық ерекшеліктеріне тоқталады. Ұлы жазушының шығармаларын жоғары оқу орындарында жаңа технологияларды қолдана отырып, оқытуды оның көркем əңгімелерінен бастаудың ерекшелігі мен маңыздылығы туралы да тың тұжырымдар беріледі.
Автор мақалада М.Әуезовтің әдебиеттану және әдебиетті оқыту әдістемесі ғылымына қосқан педагогикалық еңбегі туралы сөз етеді. Жоғары оқу орындарында жазушының туындыларын оқытудағы тиімді деген талдау жолдарын қарастырады. Әдеби талдау барысында тиімді ұйымдастырылатын жұмыс түрлерін ғылыми тұрғыдан зерделеп көрсетеді. Әуезов туындыларын талдауда көркем шығарманың образдық жүйесіне, кейіпкерлер характерін ашудағы талдау түрлеріне жүгінуді ұсынады. М.Әуезовтің мұрaсы мен ғылыми еңбектерін оқытудың жаңашыл әдістерінің негізінде инновациялық оқыту технологиясын қолдану – заманның талабы. Қазіргі ақпараттанған қоғамдағы көркем әдебиеттің, ұлттық құндылықтарымыздың маңызына тоқталады. Студенттердің оқырмандық қабілеттерін оята отырып, көркем туындыға бүгінгі қоғамға сай ой-пікірлерін айтқызу мақсатында талдау жұмыстары ұсынылады. Жазушының «Қараш-қараш оқиғасы» әңгімесін оқыту барысында студенттерді танымдық бағыттағы жұмыстарға, проблемалық мәселелерді шешуге жетелеу үшін тиімді деген тапсырмаларды саралап көрсетеді. Автор проблемалық оқыту барысындағы жағдаяттың берілу жолын, тиімді әдіс-тәсілін ұсынады. М.Әуезовтің көркем баяндауымен жасалған көзқарастары, талдаулары мен тұжырымдары қазіргі кездегі әдістеме саласындағы «Мұхтартанудың» жаңа әдіснамасында айқын көрініс тапқандығын зерделейді. Сонымен қатар, жазушы мұрасы ғасырдан-ғасырға жалғаса беретіндігін, ал оны жас ұрпаққа жеткізу – әр оқытушының міндеті деген қорытынды жасайды.
Түйін сөздер: жазушы; инновациялық технология; оқыту; əдістеме; əңгіме; әдеби талдау; көркем мәтін; әдіс-тәсілдер.