Қазақстан Республикасы және Қытай Халық Республикасы жоғары оқу орындарында оқыту үдерісінде психологиялық-педагогикалық дайындауды талдау
DOI:
https://doi.org/10.26577/JES.2022.v71.i2.10Аннотация
Жаһандану мен халықаралық интеграцияның даму үдерістері көптеген елдерде жоғары
білім саласындағы зерттеулердің талқылау нысанасына айналды. Педагогикалық білімді
интеграциялауға ұмтылу қазіргі заманғы халықаралық теория мен білім беру тәжірибесінің
негізгі тенденцияларының біріне айналды. Бұл мақаланың мақсаты – жеке бөлімдер мен пәндерді
оқуға бөлінген жұмыс оқу жоспарларын, кредиттер мен сағаттар санын салыстыру арқылы
Қытай мен Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының психология-педагогика
мамандықтары студенттерінің кәсіби дайындығына талдау. Қазақстан Республикасы мен Қытай
Халық Республикасы арасындағы интеграцияны зерттеу екі ел арасындағы педагогикалық білімді
дамыту мен реформалауда жеткілікті бай тәжірибе жинақталғанын көрсетеді.
Бұл мақаланың авторлары Қытай мен Қазақстандағы идеяларды, мақсаттарды, оқу
бағдарламаларын, оқыту әдістерін талдаған. Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы білім беру саласындағы интеграциялық үдерістер нарыққа бағдарланған,
білім берудегі ұйымдастырушылық инновацияға бағытталған. Қазақстандағы білім беруді
интеграциялау реформасы келешекте үш аспектіге бағытталуы мүмкін: ынтымақтастықтың
көптігін, мұғалімдердің білім алуын өзара басқару жүйесін жетілдіру және оқыту аяқталғаннан
кейін бұл байланысты нығайту. ҚХР педагогтарды даярлауға бағытталған кәсіби оқу
қоғамдастықтарының үлгілерін белсенді түрде әзірлеуде.
Мақалада Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының жоғары оқу орындарындағы білім беру үдерісіндегі психологиялық-педагогикалық дайындыққа салыстырмалы
талдау жасауға талпыныс жасалған. Интернационализация мен интеграция жоғары білім берудің
заманауи үдерісінің құрамдас бөліктері болып табылады, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға
және оны үздік халықаралық тәжірибеге жақындатуға көмектеседі.
Түйін сөздер: интеграция, білім беру, психологиялық-педагогикалық дайындық, жоғары
білім; рефлексия.