Университеттің полиэтникалық білім беру ортасында болашақ мұғалімдердің коммуникативтік-этнопедагогикалық құзыреттілігін қалыптастыру
DOI:
https://doi.org/10.26577/JES.2022.v72.i3.05Аннотация
Гуманитарлық білім беруде коммуникативтік-этнопедагогикалық құзыреттіліктің (латын тілінен compentia – берілген тұлғаның білімі, тәжірибесі бар мәселелер кешені), олардың мазмұны, қызметтері мен адам өміріндегі рөлін анықтау мақсатында зерттеулер жүргізілуде. Адамның әлеуметтік болмыс ретінде қоғамдағы өмір сүруінің негізі оның коммуникативтік-этнопедагогикалық құзыреттілігі болып табылады. Егер өмірлік іс-әрекет адамдардың қарым-қатынасымен, өзара әрекеттестігімен, өзара түсіністігімен тығыз байланысты екенін ескерсек, Қазақстан Республикасы көпұлтты мемлекет болып табылады және коммуникативтік-этнопедагогикалық құзыреттілік аса маңызға ие. Халықтардыңәл-ауқаты мен әлеуетін ескермей, адам құқықтары мен бостандықтарын сақтаудың дамыған жүйесінсіз, барлық этноұлттық әртүрліліктің мүдделері мен серіктестігінің теңгерімі арқылы бірлікті нығайтпайынша нәтижеге жету мүмкін емес. Сөйтіп, қазіргі білім беру, бір жағынан, ұлттық сананы тәрбиелеуді, ұлттың рухани өмірін (туған жер, отбасы, ана тілі, халық) айқындайтын киелі ұғымдарды болашақ ұстаздардың санасына сіңіруді орынды ұштастыруы керек, оның (тарихы, сенімі, этностың рухани мәдениеті және т.б.). Екінші жағынан, білім адамның «Мен – әлеуметтік топ – қоғам – әлемдік өркениет» жүйесінде толеранттылық рухында өзара әрекеттесу негізінде әлемдік мәдениеттің өткені мен бүгініне енуіне, өзара сыйластық, мәдениеттер диалогы, ашық қарым-қатынасқа қолайлы жағдай туғызады. Қазақстан қоғамының өміріндегі маңызды рөлі этноұлттық тұжырымдамаға тиесілі, ал оның дамуында көпұлтты ел азаматының рухани егеменді және әлеуметтік жауапты тұлғасын қалыптастыруда білім беру ерекше рөл атқарады, ата-бабаның рухани дәстүрі, қазақ этностарының өмір сүруінің көпғасырлық тарихында қалыптасқан құндылықтарды қорғай отырып, қазіргі уақытта көпұлтты кеңістікте коммуникативтік-этнопедагогикалық құзыреттілік өзекті тақырыптардың бірі болып табылады.
Түйін сөздер: коммуникативтік-этнопедагогикалық құзыреттілік, этнопедагогика, коммуникация, құзыреттілік, жоғары білім, болашақ мұғалімдер, көпэтникалық орта, этнос.