Орыс тілі мен әдебиетінің ауылдық мұғалімдерінің кәсіби қажеттіліктерін диагностикалау және жүзеге асыру білім беру сапасын арттырудың негізгі факторларының бірі ретінде

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES.2022.v72.i3.02
        171 121

Аннотация

 

Педагогикалық шеберлікті арттыру  арқылы  мұғалімді кәсіби дамыту  білім сапасын арттыруға мүмкіндік туғызып, оның  алдағы уақыттағы үздіксіз кәсіби өсуін ынталандырады. Мақаланың мақсаты-қазақстандық ауыл мектептерінің орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімдерінің кәсіби қажеттіліктерін диагностикалау, олардың кәсіби дамуына ықпал ететін  факторларды анықтау.

    Қазақстандық мұғалімдердің қызметін, жұмыс жағдайын және кәсіби дамуын  бағалауды басқа елдермен салыстыра отырып анықтау үшін мұғалімдер корпусының TALIS-2018 оқыту және оқу мәселелері бойынша халықаралық зерттеуінің нәтижелері талданды,сонымен қатар  қазақстандық ауыл мектептерінің мұғалімдеріне сауалнама жүргізілді. Нәтижелердің валидттілігін қамтамасыз ететін, кең ауқымды зерттеулерге негізделген мәліметтерді екінші   реттік талдау әдісі қолданылды.

     Ауыл мұғалімдеріне сауалнама жүргізу олардың  қажеттіліктері мен кәсіби дамуына әсер ететін жағымды және жағымсыз факторларды анықтауға бағытталды. Онлайн-сауалнамаға Алматы облысының 70-тен астам ауылдық  орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері қатысты.TALIS-2018 халықаралық зерттеуінің деректері қазақстандық білім беру саясатын реформалау үшін қалай пайдаланылғаны талданды. Сол сияқты, онлайн-сауалнама нәтижелері орыс тілі мен әдебиетінің ауылдық мұғалімдерінің білім берудегі цифрлық технологиялар (54,5%), функционалдық сауаттылық және сыни ойлау (54,3%), бағалау әдістемелері (47,1%) тақырыптарын  қосымша меңгеруді қалайтынын  көрсетті.    Ауыл мұғалімдерінің кәсіби қажеттіліктері оқыту әдістемесін жетілдіру (41,2 %), неғұрлым тәжірибелі әріптестерден кеңес алу (32,5 %) және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру қажеттілігімен байланысты.

Түйін сөздер: TALIS - 2018, ауыл мұғалімдері, орыс тілі мен әдебиеті, кәсіби даму, кәсіби қажеттіліктер

     The professional development of a teacher improves the quality of education, contributes to the improvement of the teacher’s skills and motivates him for further continuous professional growth. The purpose of the article is to diagnose the professional needs of Kazakhstani rural teachers of Russian language and literature and to identify factors contributing to their professional development.

    To determine the assessment of the activities, working conditions and professional development of Kazakhstani teachers in comparison with other countries, the results of the international study of the teaching staff on teaching and learning TALIS-2018 were analyzed. The method of secondary data analysis based on a large-scale study was used, as a result of which it has high validity. In addition, a survey was conducted to determine the needs of rural teachers and factors that negatively or favorably affect their professional development. More than 70 rural teachers of Russian language and literature of Almaty region took part in the online survey.

     The article analyzes how the data of the international TALIS-2018 study were used to reform Kazakhstan’s educational policy. In addition, the results of the online survey allowed the authors to conclude that rural teachers of Russian language and literature prefer to master the topics of digital technologies in education (54.5%), functional literacy and critical thinking (54.3%), assessment methods (47.1%). The professional needs of rural teachers are associated with the need to improve teaching methods (41.2%), consult with the most experienced colleagues (32.5%) and develop skills to work with children with special educational needs.

 

Жүктелулер

Как цитировать

Kurmankulova А., Kiynova, Z., & Onalbayeva, A. (2022). Орыс тілі мен әдебиетінің ауылдық мұғалімдерінің кәсіби қажеттіліктерін диагностикалау және жүзеге асыру білім беру сапасын арттырудың негізгі факторларының бірі ретінде. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 72(3), 23–30. https://doi.org/10.26577/JES.2022.v72.i3.02

Шығарылым

Бөлім

Психологиялық-педагогикалық зерттеулер