Болашақ педагогтардың көпэтникалық білім беру үдерісі мәтініндегі коммуникативтік-этнопедагогикалық құзыреттілігі

Авторлар

  • A. Temirgalinova «Торайғыров университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, Қазақстан, Павлодар қ. http://orcid.org/0000-0001-9202-1885

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES.2022.v73.i4.05
        85 151

Аннотация

Бүгінгі таңда этникалық жаңғыру адамзат дамуының жетекші бағыттарының бірі ретінде қарастырылуда. ХХІ ғасырдың басы адамзаттың техногендік мәдениеттен гуманитарлық мәдениетке өтуімен сипатталады, оның ең жоғары құндылықтары - адам, табиғат, отбасыжәне бейбітшілік. Дәстүрлі халық мәдениеті оны жаңа жағдайларда зерттеп, қолдануды талап ететін оң тарихи тәжірибеге ие. Сонымен бірге білім берудің алдында халықтардың төл мәдениетін сақтау міндеті тұр. Қоғамды өзгертудің табыстылығы көбінесе әрбір халықтың руханияты мен ұлттық болмысын жаңғырту қажеттілігі қаншалықты қанағаттандырылатынына байланысты болады. Адамдар өзінің төл мәдениетін, тілін білгісі келеді, өзінің белгілі бір этносқа жататынын сезінгісі келеді. Бұл мәселелерді шешуде жетекші орын этномәдени негіздер бойынша, диалектикалық үштік: ұлттық, интернационалдық және жаһандық принцип бойынша құрылған білім беру жүйесіне беріледі, бұлар адамға өз халқына қатыстылығын терең сезінуге және сонымен бірге өзін елдің азаматы және әлемдік өркениет субъектісі ретінде тануға мүмкіндік береді. Дәстүрлі халық мәдениеті оқу орнымен оқу үдерісімен байланысты болуы керек. Мақалада коммуникативтік-этнопедагогикалық құзыреттілік ұғымы және оның білім берудегі маңызы қарастырылған. Сондай-ақ әдебиеттерге, осы мәселені қарастырған ғалымдарға шолу жасалады. Коммуникативтік-этнопедагогикалық құзыреттіліктердің үш стилі ажыратылады.

Түйін сөздер: коммуникативтік-этнопедагогикалық құзыреттілік, этнопедагогика, коммуникация, құзыреттілік, жоғары білім, болашақ мұғалімдер.

Жүктелулер

Как цитировать

Temirgalinova, A. (2022). Болашақ педагогтардың көпэтникалық білім беру үдерісі мәтініндегі коммуникативтік-этнопедагогикалық құзыреттілігі. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 73(4), 52–59. https://doi.org/10.26577/JES.2022.v73.i4.05

Шығарылым

Бөлім

Мамандарды кәсіби дайындаудағы психологиялық-педагогикалық мәселелер