Педагогтардың цифрлық құзыреттілігінің қалыптасуының бүгінгі жағдайы мен проблемалары

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES.2023.v74.i1.06
        215 0

Аннотация

 

    Қазіргі уақытта әлемдік деңгейде қарқынды дамып келе жатқан цифрландыру процесі
цифрлық құзыреттілікке ие білікті кадрларды талап етіп отыр. COVID-19 пандемиясы кезеңінде
цифрлық технологияның білім беру жүйесіндегі рөлі, оның орасан зор дидактикалық мүмкіндіктері
нақты дәлелденіп, қашықтан оқытуды ұйымдастыру мен оқу процесінің үздіксіздігін қамтамасыз
тәжірибесін жинақтауға негіз болды. Зерттеудің мақсаты – цифрлық құзыреттілік ұғымын
нақтылау және оның қалыптасу деңгейін, күнделікті тәжірибедегі мұғалімдердің проблемаларын
анықтау. Мақалада зерттеу тақырыбы бойынша алыс және жақын шетел ғалымдарының ғылыми-
зерттеу жұмыстарына талдау жасалып, өзіндік ой қорытындысы тұжырымдалған. «Цифрлық
құзыреттілік» ұғымының анықтамасы нақтыланып, цифрлық құзыреттіліктің мазмұнды
компоненттері (эмоционалды-ерікті, әлеуметтік медиа-коммуникативті, танымдық, белсенділік,
рефлексивті-бағалау) ажыратылып, сипатталған. Зерттеудің практикалық бөлігіне ҚР ББЖҚБАРИ-
да 2019-2021 біліктілігін арттырудан өткен Қарағанды, Батыс Қазақстан, Ақмола, Атырау және
Қызылорда облысының 122 педагогы қатысқан. Іріктеме қорытындысы бойынша педагогтердің
14,6%-ы цифрлық технологиялармен жұмыс істеуге деген психологиялық дайындықтың төмен
деңгейін, 45,2%-ы орташа деңгейді және 41,2%-ы жоғары деңгей көрсетті. Аталған деңгейлерді
анықтауда мұғалімдерге арналған дидактика және білім беруді цифрландыру бойынша
бейімделген ситуациялық тапсырмалар қолданылды.
Түйін сөздер: жаһандық цифрландыру, білім беруді цифрландыру, цифрлық технология,
педагогтер, цифрлық құзыреттілік.

Қосымша файлдар

Как цитировать

Sardarova, Z., Zhumasheva, N., Adilshinova, Z., Abugaliyeva, G., & Fedorchenko, L. (2023). Педагогтардың цифрлық құзыреттілігінің қалыптасуының бүгінгі жағдайы мен проблемалары. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 74(1), 58–67. https://doi.org/10.26577/JES.2023.v74.i1.06

Шығарылым

Бөлім

Электронды оқыту мен дистанционды білім беру