ЗАМАНАУИ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ КОНЦЕПЦИЯСЫН ОҚЫТУДА ЖҮЙЕЛІЛІК ӘДІСІН ҚОЛДАНУ

Авторлар

  • N Tormanov әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • A Alikul әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES.2019.v59.i2.012
        79 66

Аннотация

Мақалада «Заманауи жаратылыстану концепциясы» пәнінен гуманитарлық бағытта білім алушы студенттерге оқыту технологиясының ерекшеліктері жайлы мәселелер қарастырылады. Жаратылыстану ғылымы жеке тұлғаның дамуында, тіпті барлық қоғамның мәдениетінің дамуында үлкен маңызды рөл атқарады. Бізді толғандыратын ең басты мәселе гуманитарлық салада білім алушы студенттерге жаратылыстанудың маңызы туралы дұрыс мәлімет беру. Курстың мақсаты – ғылыми дүниетанымды қалыптастыратын әлемнің табиғи-ғылыми бейнесін қалыптастыру. Дүниетаным адамның қоршаған ортамен өзара іс-әрекет жасау және оны қайта құру жөніндегі болжамдық және практикалық қызметін анықтайды. Материалдық дүниенің кез келген объектісі атом, планета, организм немесе галактика күрделі құрылым ретінде біртұтас ұйымдастырылған объект ретінде қарастырылуы қажет. Жаратылыстану концепциясы пәнін әр бағытта оқитын мамандарға түсіндіру барысында жүйелілік әдісін пайдалану арқылы физика-химиялық заңдылықтарға сәйкес мысалдар келтіре отырып, ашып көрсеткен дұрыс. «Уақыт және табиғи ырғақ» деген тақырып бойынша, биолог мамандарға уақытты қабылдау механизмдері жайлы ашып көрсетеміз, әсіресе уақыттың тірі ағзаларда қалай болатынын, яғни уақытты қабылдап және оған жауап беру белгілі бір ырғақпенен жүретіндігін түсіндіреміз. Нәтижесінде дүние дегеніміз белгілі ырғақпен жүретін заңдылық деп қорытындылауға болады. Ал тірі ағза сыртқы ортадан бірнеше ырғақтық сигналдарды қабылдайды, олардың уақыты, ұзақтығы, шығу тегі әртүрлі. Осы проблеманы дұрыс түсіндіру үшін сыртқы ортадан келетін ырғақтың шығу тегін және олардың параметрлерін, әртүрлі иерархиялық деңгейде, қандай заңдылықпен жүретіндігін көрсетуіміз керек. Жүйелілік әдіспенен бұл пәнді игерудің басты ерекшелігі методологиялық деңгейде пәнаралық байланыстардың потенциалын анықтауға мүмкіндік береді. Екіншіден, студенттердің ойлау қабілеттілігін дамытуға және заманауи дүниенің бейнесін ғылыми-жаратылыстану негізінде түсіндіруге мүмкіндік жасайды.

Түйін сөздер: жаратылыстану, гуманитарий, педагогика, жүйелілік әдісі, заманауи жаратылыстану концепциясы.

Жүктелулер

Как цитировать

Tormanov, N., & Alikul, A. (2019). ЗАМАНАУИ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ КОНЦЕПЦИЯСЫН ОҚЫТУДА ЖҮЙЕЛІЛІК ӘДІСІН ҚОЛДАНУ. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 59(2), 128–134. https://doi.org/10.26577/JES.2019.v59.i2.012

Шығарылым

Бөлім

Пәндерді оқыту әдіснамасы