БИОЛОГ ЗЕРТТЕУШІНІҢ ІЗДЕНІМПАЗДЫЛЫҚ ІСКЕРЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES.2020.v62.i1.04
        103 81

Аннотация

Қазіргі таңда әлем елдерінде ғылым мен білімнің әр түрлі салаларының үздіксіз дамып, технологияның жылдан-жылға жаңарып, өндірістік салаларда енгізіліп жатқан заманда білімді, білікті, дарынды, бәсекеге қабілетті маман даярлау өзекті мәселелерге айналуда. Еліміздің білім беру жүйесінің заңнамаларына жылдан-жылға әр түрлі өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп отыр. Сол себепті, болашақ мамандардың терең білім алуын қамтамасыз етуде оқу процесінде көптеген тиімді оқыту әдістері маңызды роль атқарады.  Мақалада білім алушылардың зерттеушілік іскерлігін қалыптастыру әдістері ұсынылады. Биологияны оқытуда білім алушылардың іскерлік әрекетін қалыптастыруда студенттерді топтарға бөлу және олардың бірлесіп ұсынылған «Өсімдіктердің вегетативті мүшелерінен биологиялық белсенді заттарды анықтау» атты жобалық зерттеу сабағының орындау әрекеттері көрсетілген. Жобалық зерттеу тәжірибесінің айқындаушы, қалыптастырушы, бақылаушы, талдаушы деңгейлері нақтыланып, болашақ биолог мамандардың аталған деңгей бойынша зерттеу әрекеттері нәтижесінде зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастырудағы тиімділігі сипатталады. Бірлескен қызметтің қорытындысы топтық қорытынды өнім болып табылады, ол көбінесе баяндама түрінде болады. Бұл жұмыстың нәтижесі – білім алушылардың зерттеушілік және ізденімпаздылық іс-әрекетін дамытуда жоғары танымдық және оқу мотивациясы – оқытушының шығармашылық күш-жігерін арттыруды қамтамасыз етеді. Түйін сөздер: зерттеушілік іскерлік, топтық оқыту, жоба, зертханалық жұмыс, өсімдіктер, биологиялық белсенді заттар.

Жүктелулер

Как цитировать

Ramazanova, A., Yernazarova, G., Turasheva, S., & Kudaibergenova, B. (2020). БИОЛОГ ЗЕРТТЕУШІНІҢ ІЗДЕНІМПАЗДЫЛЫҚ ІСКЕРЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗІ. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 62(1), 35–42. https://doi.org/10.26577/JES.2020.v62.i1.04

Шығарылым

Бөлім

Мамандарды кәсіби дайындаудағы психологиялық-педагогикалық мәселелер