Жаңартылған білім беру жағдайындағы «Өзін-өзі тану» пәні оқулықтарының мазмұндық-құрылымы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES.2020.v65.i4.01
        81 99

Аннотация

Мақалада жаңартылған білім беру жағдайындағы оқыту үдерісінде «Өзін-өзі тану»
пәнін жалпы орта білім беретін мектептердегі оқыту ерекшеліктері қарастырылады. Пәннің
оқулықтарына әдістемелік тұрғыда жан-жақты талдау жасалып, авторлар соның ішінде
6-сыныптың оқулығына сипаттама береді. Сол сияқты «Өзін-өзі тану» пәнінің оқулықтарын
дайындауға негіз болатын нормативтік-құқықтық құжаттар көрсетіледі. Авторлар мектептегі
оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендерді талдауда пәннің дамуы мен қалыптасуындағы
кезеңдерге сүйенеді, сөйтіп жаңартылған білім мазмұны жағдайындағы оқулықтарға әдістемелік
талдау жасауға ұмтылады. Мұғалімнің өзін-өзі тануды оқытудағы ұстанымына ерекше назар
аударылады – сыныптағы мұғалім мен оқушы арасындағы ашық диалог. Әр оқушының ішкі және
тұлғалық «Мен» тұжырымдамасын қалыптастыруда мұғалімнің орны айрықша. Балалармен бірге
ойлану, бірге қуану, бірге қамығу, бірге жаңа нәрсені үйрену, бірге таңданып, бірге қобалжу
пәнді оқытуда жағымды атмосфера орнатып қана қоймайды, ол сонымен қатар оқушылардың
өмірдің ақиқатын түсінулеріне де көмектеседі.
Мақалада екі кесте беріледі. Оқулықтағы кейбір тапсырмаларды мысалға ала отырып,
авторлар пәнді оқытудың жаңа әдістеріне әдістемелік талдау жасайды. Зерттеу Қазақстан
Республикасының Білім және ғылым министрлігінің (№ AP08856223 грантына) сәйкес
қаржыландырылады.
Түйін сөздер: жаңартылған білім беру мазмұны, өзін-өзі тану, рухани адамгершілік білім,
оқулық, оқушы дәптері, әдістемелік құрал, білім мазмұны.

Жүктелулер

Как цитировать

Arinova, B., Moldassan, K., & Arinova, N. (2020). Жаңартылған білім беру жағдайындағы «Өзін-өзі тану» пәні оқулықтарының мазмұндық-құрылымы. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 65(4), 4–11. https://doi.org/10.26577/JES.2020.v65.i4.01

Шығарылым

Бөлім

Мамандарды кәсіби дайындаудағы психологиялық-педагогикалық мәселелер