Экранның арғы жағында: Назарбаев Зияткерлік мектептерінде қашықтықтан оқытуды жүзеге асыру
DOI:
https://doi.org/10.26577/JES.2020.v65.i4.11Аннотация
Жаһандық пандемия COVID жағдайында көптеген білім беру ұйымдары қашықтықтан білім беру қызметіне көшті. ДББҰ«Назарбаев Зияткерлік мектебі 2020 жылдың 6 сәуірінен бастап барлық мектептерде қашықтықтан оқытуды ұйымдастырды.
Зерттеудің мақсаты: мұғалімдердің, оқушылардың және олардың ата- аналарының онлайн- оқытуға дайындығын , респонденттердің эмоционалды жай-күйін, қашықтықтан оқыту және оқшаулану жағдайында техникалық жабдықталудың саны мен сапасын зерттеуге бағытталады. Республиканың Назарбаев Зияткерлік мектептерінде , яғни13 облыста және Қазақстан Республикасының республикалық деңгейдегі 3 қаласында 21 сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға 2200 мектеп мұғалімдері, 7-12 сыныптардың 10607 оқушысы және желідегі мектептердің 9340 ата-аналары қатысты. Жүргізілген сауалнамалардың нәтижелері Зияткерлік мектептерде қашықтықтан оқытуды жүзеге асыру оның бастапқы кезеңінде табысты өтіп жатқандығын айғақтайды. Мұғалімдердің және оқушылардың көпшілігі оқытуға қажетті ресурстармен қамтамасыздандырылған, дей тұрғанмен, оқытуды жүзеге асыруға кері әсерін тигізетін интернетке қосылу сияқты мәселелер де баршылық. Оқушылардың 2/3 бөлігінен астамы өздерінің эмоционалды жай-күйлерін қанағаттанарлық деп бағалайды, алайда оқушылардың басым көпшілігі (31%) жүзбе-жүз қарым-қатынастың жетіспеушілігін оқшаулану жағдайындағы күтілетін нәтижелер болып табылатынын мойындайды.
Түйін сөздер: қашықтықтан оқыту, онлайн-оқыту, асинхронды материалдар, мектептегі қанағаттанушылық, орта білім, Қазақтандағы білім беру