Өзін-өзі оқыту ұйымы педагогтарды өзгерістерге дайындаудың факторы ретінде

Авторлар

  • Sh Taubayeva Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0003-3761-5263
  • S Bakhisheva М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, Орал қ.

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES.2021.v66.i1.01
        100 213

Аннотация

Бүгінгі өзгерістердің жылдамдығы жағдайында білім берудің мазмұны, күтілетін нәтижелері мен оқытудың технологиялары үнемі дамып отыратыны белгілі. Осы үдеріске сай педагогтарды өзгерістерге үнемі дайындаудың маңызы зор. Мақала тақырыбына байланысты педагогтың кәсіби қызмет құрылымындағы өзін-өзі оқыту ұйымы өзгерістерге дайындаудың факторы ретінде қарастырылады. Өзін-өзі оқыту ұйымдары педагогтарды білім беру ұйымдарында жаңартылған бағдарламадағы жаңа көзқарастарды түсіндіру, педагогикалық әрекеттерді жаңарту, бірін бірі үйрету, бірлескен оқу мен зерттеушілік, сыни ойлау, шығармашылық дағдыларын үнемі дамытып отыру мақсатында құрылады және ол басқарудағы белілі бір ұйымдастырушылық қызметті қажет етеді. Зерттеуде жүйелілік, іс-әрекеттік, зерттеушілік синергетикалық тұрғылар; ғылыми- теориялық әдебиеттерді талдау әдістері, эксперимент жүргізу және қорытындыларын жинақтау, салыстыру, рефлексия, педагогтың өзгерістерге дайындығын дамыту тәжірибелері мен ұсыныстар пайдаланылды. Зерттеушілер еңбектері негізінде ұйымда қызметкерлердің жүйелі және дәстүрден тыс ойлауға үйрету, бірлесіп оқу, өз дағдыларын үнемі жетілдіру және білім беру ұйымының алдағы даму стратегиясын бірлесіп жасаудың теориялық негізі айқындалды. Педагогтардың өзгерістерге дайындығын қамтамасыз етудің, өзара бірлесе оқытудың әдістемесі жасалуы жұмыстың практикалық маңызын көрсетеді.

Қорытындыда өзін-өзі оқытатын, өздігінен білім алатын ұйымның педагогтарды өзгерістерге дайындаудағы тиімділігі сипатталды.

Түйін сөздер: өзін-өзі оқыту ұйымы, өзгерістер, жаңартылған білім мазмұны, педагогтар қауымдастығы.

Жүктелулер

Как цитировать

Taubayeva, S., & Bakhisheva, S. (2021). Өзін-өзі оқыту ұйымы педагогтарды өзгерістерге дайындаудың факторы ретінде. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 66(1), 4–18. https://doi.org/10.26577/JES.2021.v66.i1.01

Шығарылым

Бөлім

Тарих. Қазіргі білім беру әдістемесі