Синергетикалық оқыту тәсілін қолданып қашықтықтан білім берудің ерекшелігін зерттеу
DOI:
https://doi.org/10.26577/JES.2021.v66.i1.015Аннотация
Бұл мақалада білім беруді синергетикалық тәсілді қолдана отырып, қашықтықтан оқытудың ерекшелігі қарастырылды. Себебі, бүгінгі күнде әдістемелік, педагогикалық, дидактикалық оқыту және дамыта тәрбиелеу мақсаттарымен тығыз байланысты жаңа бағыттардың бірі синергетика болып табылады. Синергетика барлық адамның интеллектуалды және биологиялық объект ретінде даму мен алға жылжуын қамтамасыз етуде басты қызмет атқарады. Бұл басқа салаларға қарағанда алдыңғы орында екенінің дәлелі, синергетика адамның мінез-құлқы мен оны қадағалау мен мақсаттық іс-әрекетін орындап, жүзеге асырады. Синергетиканың бұл қызметі – білім беру барысында әртүрлі құбылыстар параллельді анықтауына жол ашады. Синергетикалық тәсілмен қашықтан жұмыс істей отырып, мұғалімдер топтары асинхронды, синхронды қарым- қатынас үшін түрлі интернет платформаларын қолданады. Топтық жұмыста ортақ пайдалану үшін ашылған Google құжаттар мен кестелер өте ыңғайлы. Олар бір мезгілде жұмыс істеуге, жұмыстарға пікір жазуға және жетілдіруге мүмкіндік береді. Осы арқылы педагогтер бірін-бірі қолдайды және қашықтан оқыту мен оқуда тәжірибе жинақтайды. Сабақтарды жоспарлау және бақылау бойынша мұғалімдердің бірлескен қызметі қашықтан оқытуға арналған тиімді педагогикалық тәжірибелерді синергетикалық әдістеме арқылы іріктеуге және оларды таратуға ықпал ететін болады.
Түйін сөздер: синергетика, қашықтықтан оқыту, Кейс-технология, асинхронды, синхронды оқыту.