Қашықтықтан оқыту форматында физиканы оқытудың ерекшеліктері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES.2021.v67.i2.15
        136 70

Аннотация

Бүгінгі таңдағы физика пәнін оқыту үрдісі жаңа әдіс-тәсілдерді, жаңаша идеяларды қолдануды талап етеді. Физика сабағын жүргізу барысында қолданылатын педагогикалық тәжірибе болашақ ұстаздың педагогика мен білім беру ұстанымдары мен заңдылықтарын білуге және оларды нақты жағдайларда өз мүмкіншіліктері мен ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге асыруына және қабілетін көтеруге көмектеседі. Мақалада қазіргі қоғамның талаптарына сай, білімді, білікті мамандарды дайындаудағы физика сабағында қолдануға арналған педагогикалық тәжірибе әдістері мен тәсілдерінің маңызы, болашақ маманның қалыптасуындағы атқаратын рөлі туралы баяндалады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физика-техникалық факультетінің болашақ физика пәнінің мұғалім болатын студенттерінен физика сабағын жүргізу барысында қолданылатын педагогикалық әдіс-тәсілдердің артықшылықтарын айқындайтын Google формада сауалнама жүргізілді. Алынған сауалнама бойынша физика мамандығында оқитын студенттердің болашақ ұстаз ретінде педагогикалық әдіс-тәсілдерге деген көзқарастары анықталды. Студенттерге дәріс сабағын өткізу барысында Miro қосымшасы және практикалық сабақтарда Google форма, Kahoot бағдарламалары қолданылды. Сабақ барысында осы бағдарламалардың тиімділігі мен артықшылықтары ескеріліп, нәтижесінде студенттерден кері байланыста пайдаланылған сандық ресурстардың тиімділігі, ыңғайлылығы және онлайн сабақ өту барысында туындайтын кейбір қиыншылықтар анықталған. Қазіргі болып жатқан пандемияға байланысты қашықтықтан оқытуда осы қосымшалар таптырмас мүмкіндік болды.
Түйін сөздер: физика пәні, педагогикалық тәжірибе әдісі, қашықтықтан оқыту тиімділігі.

Жүктелулер

Как цитировать

Parziyeva, M., Turekhanova, K., Kuralbek, R., & Akimkhanova, Z. (2021). Қашықтықтан оқыту форматында физиканы оқытудың ерекшеліктері. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 67(2), 139–147. https://doi.org/10.26577/JES.2021.v67.i2.15

Шығарылым

Бөлім

Пәндерді оқыту әдіснамасы