Сандық білім беру ресурстары білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз ету ретінде
DOI:
https://doi.org/10.26577/JES.2022.v71.i2.011Аннотация
Мақалада «Қашықтықтан оқыту форматында білім беру үдерісін ұйымдастыруда орыс тілі
мен әдебиетінің қазақстандық ауыл мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсету үшін цифрлық
контентті құру» атты ҚР БҒМ ҒК ғылыми жобасы аясында ғалымдар тобы әзірлеген және ішінара
дайындаған цифрлық білім беру платформасының мүмкіндіктері қарастырылды. Мазмұндық
контент мына мекен-жайда орналасқан: https://auyl-school.kz/
Авторлар қазіргі уақытта қазақ мектептерінің орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне көмек
көрсету мақсатында цифрлық білім беру ресурстарын құру үстінде, олардың мазмұндық
контенті «Орыс тілі мен әдебиеті» пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасына толық сәйкес келеді.
Әзірленген тапсырмаларды мұғалімдер өз сабақтарында қолдана алады және негізгі мектепке
арналған сандық білім беру ресурстары заманауи білім беру қажеттіліктеріне жауап береді,
бейне сабақтар мен аудиоматериалдар, тесттер, презентациялар, тренажерлер – автоматты
жауап тексерісі бар интерактивті тапсырмалар жиынтығы, мұғалім қолдана алатын оқу және
әдістемелік материалдар, осының барлығы онлайн сабақтарды жобалау және оқушылардың
цифрлық ортада тиімді өзара әрекеттесуі мен жұмысын ұйымдастыруда көмек көрсетеді.
Авторлар сандық білім беру ресурстарын қолдану негізделген деп санайды, өйткені бұл білім
алушылардың қызметін жандандыруға, білім сапасын жақсартуға, мұғалімнің кәсіби деңгейін
арттыруға, білім беру процесіне қатысушылардың қарым-қатынас формаларын әртараптандыруға
мүмкіндік береді.
Түйін сөздер: орыс тілі мен әдебиеті, сандық білім беру ресурсы, білім беру контенті,
интерактивті тапсырмалар.