Мектептегі биология пәнінен оқу-материалдық базасын ұйымдастырудың ерекшеліктері

Авторлар

  • Zh Abdrassulova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0002-2072-5901
  • A Kenshilik Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0003-2474-8016
  • G Tasbulatova Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты, Қазақстан, Арқалық қ.
  • G Tusupbekova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0001-9379-4687
  • S Tuleukhanov Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0002-9898-0507
  • N Gazizova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES.2021.v66.i1.012
        164 317

Аннотация

Бұл мақалада биология пәнінен оқу-материалдық базасын ұйымдастырудың ерекшелектеріне тоқталып, биология кабинетіне қойылатын талаптар көрсетілген. Биология кабинеті ҚР «Білім туралы» заңы талаптарына сәйкес жабдықталады. Білім беру процесін жүзеге асыру барысында биология кабинеті мұғалімдердің жүйелі білім беруін, оқушылардың танымдық, қызығушылық қабілеттерін арттыруын қамтамасыз етуі тиіс. Осы мақсатта биология кабинетінің оқу- материалдық базасы пән бойынша керекті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Кабинеттегі оқу жабдығы оны пайдалану жиілігін, қауіпсіздік ережелерін, қандай да бір тарауға, тақырыпқа тиістілігін ескере отырып орналастырылады және сақталады. Қазіргі таңда кабинеттегі және зертханадағы материалдар, аспаптар мен құралдар, интерактивті оқыту құралдары жүйелендірілген. Мектептегі биология пәні бойынша оқушылардың берік білім алып, биология пәнін жетік біліп шығуы үшін кабинеттің оқу материалдық базасының алатын орны ерекше. Зерттеудің нәтижесінде биологиядан білім беруде оқу-материалдық базасының кешені, олардың мазмұны, педагогикалық шарттары, дидактикалық ұстанымдары қарастырылған. Осыған байланысты педагогикалық-тәжірибелік жұмыс жүргізіліп, нәтижесі алынды. Биологиядан білім берудің оқу-материалдық базасын биология кабинеті, тірі табиғат бұрышы және оқу-тәжірибелік кешені құрайды. Мақалада оқушыларға биологиядан білім беру барысында оқу-материалдық базасының алатын орны көрсетілген.

Түйін сөздер: демонстрациялық құрал-жабдықтар, мультимедиялық құралдар, тірі табиғат бұрышы, препараттар, гербарий.

Жүктелулер

Как цитировать

Abdrassulova, Z., Kenshilik, A., Tasbulatova, G., Tusupbekova, G., Tuleukhanov, S., & Gazizova, N. (2021). Мектептегі биология пәнінен оқу-материалдық базасын ұйымдастырудың ерекшеліктері. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 66(1), 134–144. https://doi.org/10.26577/JES.2021.v66.i1.012

Шығарылым

Бөлім

Пәндерді оқыту әдіснамасы

Статті цього автора (авторів), які найбільше читають