Онлайн дәрістердің құрамдарын жобалауда ADDIE үлгісін қолдануымен іске асатын педагогикалық дизайнның рөлі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JES.2021.v69.i4.05
        204 0

Аннотация

Қазіргі кезде заманауи қоғамның өмір сүруінің әлеуметтік-саяси жағдайына байланысты білім берудің сандық трансформациясы мәселелері өзектілігін жоғалтпайды. Қашықтан оқыту кезеңінде нақты уақыт тәртібінде құрылып, жобаланған онлайн және видео дәрістердің қажеттілігі өсуде: Аталған дәріс түрлерін жобалануы оқытудың мақсаттары мен қажеттіліктерін талдау үрдісі ретінде қарастырылатын педагогикалық дизайнның қолдануын талап етеді: Зерттеудің мақсаты  – жалпы білім беру мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша онлайн дәрістердің құрамдарын жобалауда ADDIE үлгісін қолданумен іске асқан педагогикалық дизайнның орнын анықтау.

Мақалада әртүрлі зерттеушілердің «педагогикалық дизайн» терминіне байланысты көзқарастары қорытындалады, ғылыми әдебиетке шолу жасалынады; видео және онлайн дәрістерді жобалаудың үлгілері сипатталанады.  Тренажер үлгісінде, яғни интерактивті тапсырмалардағы жауапты автоматты түрде тексеретін нысан негізінде құрастырылған орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша оқу материалын жобалау нысандары педагогикалық дизайнның ADDIE үлгісін қолдану мысалдары арқылы ұсынылады. Жүргізілген зерттеу құндылығы   –  қол жеткізген нәтижелерді жалпы білім беру мектептерінде орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша видео және онлайн дәрістердің құрамдарын жобалау барысында қолдануға болады.

Авторлар онлайн дәрістердің мазмұнын, сандық контентті және мультимедиялық құралдарды жобалаудағы техникалық тапсырмаларды жабдықтауда педагогикалық дизайнды үрдіс ретінде қарастыруға ерекше назар аударады.

Түйін сөздер: педагогикалық дизайн, ADDIE үлгісі, онлайн дәрістерді жобалау, орыс тілі мен әдебитеі.

Жүктелулер

Как цитировать

Kiynova, Z., Kurmankulova, A., Zheniskyzy, A., & Murzabayeva, A. (2021). Онлайн дәрістердің құрамдарын жобалауда ADDIE үлгісін қолдануымен іске асатын педагогикалық дизайнның рөлі. ҚазҰУ хабаршысы. Педагогикалық серия, 69(4), 52–62. https://doi.org/10.26577/JES.2021.v69.i4.05

Шығарылым

Бөлім

Электронды оқыту мен дистанционды білім беру